spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
7.2 C
Kokshetau

Ақмола облысына газ жеткізу бағасы мен көлемі анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Осы жылдың қаңтар айында Ақмола облысына 8 мың 700 тоннадан астам көгілдір отын жеткізіледі. Жергілікті билік атап өткендей, облыс бойынша сұйытылған мұнай газын ай сайын тұтыну халық пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктері үшін шамамен 8000 тоннаны құрайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Біржан Әбдірахманов баяндады.

Жеткізу ТМД өндіруші зауыттардан- «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Павлодар мұнай – химия зауыты» ЖШС және «Теңгізшевройл» ЖШС жүзеге асырылады.

  • Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі тоқсан сайын сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекітеді. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы бұйрығымен бекітілген сұйытылған мұнай газының шекті бағасы ҚҚС-сыз тоннасына 33 600 теңге және осы жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу сақталуда, – деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Біржан Әбдірахманов.

2022 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газының шекті бағасын белгілеу туралы бұйрық шығарды. Ақмола облысында халық үшін газды өткізу бағасы 70-75 теңге мөлшерінде белгіленді. Сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді газ толтыру станциялары мен пункттерінің, автогаз құю станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың иелері жүзеге асыруға құқылы.

  • Облыста барлығы: 10 – газ толтыру станциялары, 130 – стационарлық және модульдік үлгідегі автогаз құю станциялары, 97-газ толтыру пункттері және тұрмыстық баллондарды айырбастау пункттері бар. 2023 жылғы қаңтарға жеткізу жоспары бойынша 8 772 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді, газбен жабдықтаушы ұйымдар өндіруші зауыттармен толық көлемде жеткізуге шарт жасасты. Биылғы жылдың 20 қаңтарында облыстың газ желісі ұйымдарында 1700 тонна, қосымша 1400 тонна бар. Қамтамасыз ету – 13 күн. Ақпанға – 7830 тонна, наурызға-8222 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді , – деп толықтырды сөзін Біржан Әбдірахманов.

Қазір автогаз құю станцияларында белгіленген бағалар – литріне 55 – тен 75 теңгеге дейін, баллондық газ – килограмына 70 – тен 172 теңгеге дейін, бұл баға шалғайдағы елді мекендерге жеткізуді ескере отырып, өнеркәсіп кәсіпорындарында – килограмына 80-ден 150 теңгеге дейін, топтық резервуарлық қондырғыларда-м3 үшін 400-460 теңге болды.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img