spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
1.7 C
Kokshetau

Автожолдардың сапасы басты назарда

Сондай-ақ...оқыңыз

2022 жылы Ақмола өңірінде 1000 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөнделіп жатыр. Аталған мақсатқа бюджет қоржынынан 60 мил-лиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Бірақ бұған қарамастан көпшілік жолдардың сапасыздығына наразылық білдіретіні бар. Мысалы, Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалында жыл басынан бері жол-құрылыс нысандарында және жолдарды күтіп-ұстау кезінде 680-нен астам ақаулар анықтады.

Облыс аумағындағы автожолдарды жөндеу мен күтіп ұстау сапасы әрдайым халықтың, жұртшылық пен БАҚ-тың жіті назарында. Мәселен, автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға және жөндеуге жыл сайын миллиардтаған мемлекет қаражаты бөлінеді. Облыс тұрғындарының осы жолдардың жағдайы, оларда ақаулардың болуы бойынша жауапты органдарға шағымдары мен өтініштері жиі келіп түсетін. Тіпті Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі бұған назар аударғаны барлығына мәлім. Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалында атап өткендей, жол-құрылыс нысандары бақылауға алынып және халықтың барлық өтініштері бойынша шығулар жүргізіліп, жол-құрылыс материалдарының сынамалары алынып, олардың кейінгі зертханалық сынақтары өткізіледі. Нәтижесінде сапаны қамтамасыз ету бойынша барлық тиісті шаралар қабылдануда.

«Филиал автожолдарғы 546-дан астам инспекциялық шығу жүргізді. Біздің сынақ зертханамызға жол-құрылыс материалдарының 2000 жуық сынамасын алдық, олардың 568 сынамалары сапа талаптарына сәйкес келмеді. Осы жылда ішінде 686 бұзушылық анықталды. Яғни, біз инспекциялық тексерулерді, іріктеулерді жүргізе отырып, қандай да бір жол ұйымын жазалау, немесе айыппұл салу мақсатын көздемейміз, ақауларды уақтылы анықтап, қажетті мерзімдерде жойғымыз келеді. Біз бұл учаскелерге анықталған ақауларды жою бойынша инспекция жүргіземіз», – деп түсіндірді жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы Ақмола облыстық филиалының инженері Игорь Стефан.

Мамандардың айтуынша, үлкен жүк тасымалы мәселесі өңірде өзекті болып қалуда. Олардың облыс автожолдары бойынша бақылаусыз жүруіне байланысты жол жабыны, оның ішінде жөнделгені де тез жарамсыз болып қалады. Мұнда филиал облыстық аумақтық көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп шығулар жүргізеді, онда ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылауды жүзеге асырады және жүк көліктері рұқсат етілген шекті нормадан жоғары жүктеменің болмауын бақылайды. Филиал жұмысының басым бағыты-қысқы-көктемгі кезеңде автожолдарды күтіп ұстау сапасын бақылау. Инженерлердің айтуынша, жол қозғалысының қауіпсіздігі мен асфальтбетон жабынының жай-күйі осыған тікелей байланысты.

«Біз үнемі автожол учаскелеріне барып тұрамыз. Жол ұйымдары тайғаққа қарсы материалдарды қалай себетінін, техника қалай жұмыс істейтінін және тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын, жол және ескерту белгілері қалай орнатылғанын тексереміз, барлық жұмыстардың жеделдігі мен уақтылығы өте маңызды. Автожолдардың бойында, әсіресе автожолдардың қатты төзімді учаскелерінде қар ұстайтын қоршаулар тиісті жағдайда болуы тиіс. Бұл жерде барлық жағдайды сақтау маңызды, жол қозғалысының қауіпсіздігі осыған байланысты», – деп атап Игорь Стефан.

Мамандар аймақ тұрғындарына ауа-райының нашарлауы, қатты жел, қатты қар, мұз, көру мүмкіндігі шектеулі болған жағдайда ұзақ сапарлардан аулақ болған жөн екенін еске салады. Ауа-райы нашар жағдайда автожолдарда қозғалу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін, жылдамдық режимін, қашықтықты қатаң сақтау, автомашина мен оның аспаптарының түзетілген жұмысын қадағалау қажет. Өз кезегінде Ақмола облысының жол ұйымдары тәулік бойы автокөлік жолдарында жұмыс істеп, көптеген техника мен адамдарды жол қауіпсіздігің қамтамасыз етуге жұмылдыруда.

 

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img