spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
8.2 C
Kokshetau

Мүлікке тыйым салу- атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету шарасы

Сондай-ақ...оқыңыз

Атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi және уақтылы қолдану атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi болып табылады.

Берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін мәжбүрлеп орындатудың тиімді әдістерінің бірі  борышкердің мүлкіне тыйым салу болып табылады. Бұл шара сот орындаушысының қаулысымен қозғалған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қолданылады.

Борышкердің мүлкіне тыйым салу тәртібі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі-Заң) реттеледі.

Борышкердің мүлкіне тыйым салу іс жүргізуді қозғау туралы қаулыны және берешекті төлеу туралы талап қойылған тікелей атқарушылық құжатты қамтитын атқарушылық іс жүргізу болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте сот орындаушысы Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы тексеру арқылы борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізулердің болуын анықтайды, олар анықталған жағдайда өндіріп алушыны хабардар етеді және осы Заңға сәйкес оның талаптарын қанағаттандырудың кезектілік тәртібін түсіндіреді.

Атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз етудің осы шарасы осы мүлікке билік етуге тыйым салудан, сондай-ақ борышкердің банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақша сомаларын пайдалануға және оларға билік етуге тыйым салуды жариялаудан тұрады, бұл туралы борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы қаулы шығарылады.

Атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдау сот орындаушысының міндеті болып табылады.

Мәжбүрлеп орындату шараларының күшін жою Заңның 47 және 48-баптарымен реттеледі.

Заңның 47-бабының 2-тармағына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді тоқтатумен бір мезгілде мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға жатады. Алайда, өндіріп алушының өндіріп алудан бас тартуына; тараптардың сот бекіткен бітімгершілік келісімін жасауына; тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасауына байланысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда; атқарушылық құжат орындалғаннан кейін атқарушылық санкциясы, орындау жөніндегі шығыстар, өсімпұлдар және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттың өзге де талабын толық көлемде өндіріп алу немесе орындау арқылы орындауды қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріп алынғаннан кейін ғана жойылуға жатады.

Сонымен бірге, Заңның 48-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп орындату шараларының күші мынадай жағдайларда: егер атқарушылық құжат өндіріп алушының өтініші бойынша өндіріп алушыға қайтарылса және бұл ретте өндіріп алушы орындау бойынша нақты келтірілген шығыстарды өтесе және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төленсе; атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындатуға ұсыну мерзімі аяқталғанда жойылуға жатады.

Бұл шара атқарушылық іс жүргізудің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған және атқарушылық іс жүргізу барысында азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қалпына келтіру мен қорғаудың кепілдіктерінің бірі болып табылады.

 

 

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

атқарушылық іс жүргізуді

қамтамасыз ету бөлімінің

бас маманы

Жанар Нұрланқызы Муратова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img