spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Шахматтан желілік спартакиадағы жеңіс

Сондай-ақ...оқыңыз

15-17 қараша аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында шахматтан желілік спартакиада өтті. Байқау Lichess платформасында онлайн режимінде 3 күнге созылды. Биыл дәстүрлі спартакиада Алматы қаласының физика-математика бағытындағы NIS базасында өтті.

Байқаудың салтанатты ашылуында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова алғысөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Көкшетаудағы NIS-тің 6-сынып оқушысы Алидар Құрмантас I орынға ие болды.

—   Мен 5 жасымнан бастап шахмат ойынымен айналысамын. Бұл ойынды маған «Эрудит» шахмат клубындағы жаттықтырушым үйретті. Бала кезімізде атам екеуміз шахмат ойнайтынбыз, ол жиі жеңіске жететін, сондықтан мен шахматқа жазылғым келді. Менің ойымша, бұл ойын логиканы дамытады, тез шешім қабылдауға көмектеседі, алдын-ала ойлауға көмектеседі. Республикалық чемпионаттарда, жалпы командалық есепте II орын, облыстық турнирлерде I орын алдым.Мен көбірек адамдардың шахмат ойнағанын қалаймын, — деді Алидар Құрмантас.

Сондай-ақ, 11-сынып оқушысы Алимтаир Бекжанов өз әсерімен бөлісті.

—   Спартакиада өте қызықты өтті. Мен ойынның бұл түрімен шамамен 4 жылдан астам айналысамын. Ойынның бірінші күні біраз қиын болды, бірақ мен жеңіске сенуді тоқтатқан жоқпын.

Көкшетау қаласының NIS намысын 20 оқушы қорғады. Қатысушылар келесі спартакиаданы асыға күтуде.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img