spot_img
Бейсенбі, Тамыз 13, 2026
14.8 C
Kokshetau

Ақмолалық оқушылар электронды мемлекеттік қызметтерді алуға үйренеді

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен Көкшетау қаласы колледждері мен мектептерінің информатика пәні оқытушыларын eGov.kz электрондық үкімет порталында жұмыс істеу дағдыларына оқыту жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Аталған бағытта Департамент облыстық білім басқармасымен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті филиалымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Тренингтер барысында информатиктерді тек eGov порталы арқылы ғана емес, eGov mobile, Kaspi.kz және Homebank мобильді қосымшалары арқылы да қызметтерді алуға үйретуде.

«Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Біздің мақсатымыз – оқытушыларды дайындау, ал олар өз кезегінде жоғары сынып оқушылары мен студенттерді оқытатын болады. Бұл біздің халқымыздың ең мобильді бөлігі, олар бірінші кезекте цифрлық дағдыларға ие болуы және өз дағыларымен үлкендермен бөлісуі тиіс», – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Жазира Сейтмағанбетова.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ел болашағы – әр азаматтың таңдауынан басталады

23 тамыз Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күндердің бірі болмақ. Бұл күні елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Аталған саяси науқан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика