spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
16 C
Kokshetau

Ақмола облысында 100 мыңнан астам бала үйірмелер мен секцияларға барады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында балалардың шығармашылық дағдыларды дамытуға ерекше мән берілуде. Өңірдегі әр баланың сабақтан тыс үйірмелер мен секцияларға қатысу облыс басшылығының бақылауында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, өңірде жыл сайын қосымша білім беру ұйымдарының саны артып келеді.

«Облыста қосымша білім берумен барлығы 106871 оқушы қамтылған. Оның ішінде 20453 бала мектептен тыс жұмыс орталықтары, шығармашылық үйлері тәрізді 51 ұйымда үйірме жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ, 86 418 бала мектеп жанындағы үйірмелер мен секцияларға барады», – деді білім басқармасындағылар.

Басқарма басшылығы атап өткендей, қысқы демалыс кезінде де балалардың бос уақытында қосымша үйірмелерге баруы тоқтаған жоқ. Қысқы демалыс туралы тұжырымдамаға сәйкес, басқарма облыстағы эпидемиологиялық жағдайды және тәрбие жұмысының 8 бағытын ескере отырып, жұмыс жоспарын жасады.

Демалыс кезінде қосымша білім беру ұйымдары балалармен «Қысқы қиял», «Қысқы вернисаж» қысқы арт-челленджі, «Суретшілер шығармашылығындағы қыс», «Ертегіде қонақта» атты байқаулар, турнирлер, зияткерлік ойындар, таза ауадағы квест ойындар және онлайн форматтағы түрлі жұмыстарды өткізді.

Көкшетау, Степногор қалалары мен Ерейментау, Бұланды аудандарының мектептерінде «Оқитын ұлт» жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда. Штаттық режимде ең ірі объекті – Көкшетаудағы «Болашақ сарайы» мекемесі жұмысы істеуде. Онда күн сайын өткізіліп тұратын 111 үйірме мен секцияларға 3000-нан астам бала барады.

«Біз жаңадан келетін тәрбиеленушілерге әрдайым қуаныштымыз, оларға әлеуетін ашуға және дарынын өзін-өзі дамытуға көмектесуге тырысамыз. Мекеме қызметінің аз уақыты ішінде біздің оқушылар түрлі байқаулар мен жарыстарда жеңімпаз атанды», – деп атап өтті «Болашақ сарайы» мекемесінің директор Айнагүл Балташева.

Айта кетсек, өңірде 552 жалпы білім беретін мектепте 133103 оқушы білім алуда.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img