spot_img
Бейсенбі, Маусым 25, 2026
19.1 C
Kokshetau

Астанада екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, тағы бір автобусқа соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

CTS компаниясы хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы 26 қараша күні сағат 10.50-де Байсейітова көшесінде «Шақпақ» аялдамасы маңында болған.

«№20 бағдарлы автобустың жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, нәтижесінде № 39 бағдарлы автобуспен соқтығысты.

Оқиға орнына келген полиция қызметкері № 20 автобус жүргізушісіне қатысты хаттама толтырды. Осыған қатысты шешім қабылдау үшін анықтау бөліміне жіберіледі. Жүргізуші ЖҚЕ бойынша бұзушылықтар тізілімінде көрсетілмейді. Жолаушылар көлігіндегі еңбек өтілі – 5 жыл. Рейс алдындағы медициналық тексеруден өту уақыты – 06.00, желіге кіру рұқсаты бар», – деді CTS.

Компанияның мәліметінше, 1961 және 1954 жылы туған екі жолаушы жарақат алып ауруханаға жеткізілді.

Автопарк басшылығы жүргізуші жұмыстан шеттетіліп, тәртіптік кеңеске жіберілетіні атап өтілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында вейптерді заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика