spot_img
Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
10.5 C
Kokshetau

Дәрігерлер жалақысы 561 мың теңгеге дейін көтеріледі – Тоғжанов

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру жөнінде қойылған депутаттық сауалған жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есеге дейін, яғни 561 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр», – делінген Ералы Тоғжановтың берген жауабында.

Бұл мақсаттарға 2021 жылға – 222,3 млрд теңге, 2022 жылға – 361,7 млрд теңге, 2023 жылға – 557,4 млрд теңге сомасында қаражат көзделген, оның ішінде: республикалық бюджет қаражаты есебінен 2021 жылы – 156,8 млрд теңге, 2022 жылы – 255,1 млрд теңге, 2023 жылы – 393,1 млрд теңге, МӘМС қаражаты есебінен 2021 жылы – 65,5 млрд теңге, оның ішінде: 2022 жылы – 106,6 млрд теңге, 2023 жылы – 164,4 млрд теңге.

Сондай-ақ, медицинаның өзге де салаларында жұмыс істейтін мамандар жалақысын арттыру мәселелері пысықталды. 2021-2023 жылдарға республикалық бюджеттен өзге салаларда жұмыс істейтін 19 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысын көтеру үшін қаражат көзделген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Киелі мекен» экологиялық акциясына 150-ден астам көкшетаулық қатысты

Бүкіл әлем қоқыстарды сұрыптауды бастау маңызды екенін түсінеді. Бұған біздің қоғам да жақындап келе жатқаны қуантарлық жағдай. Осыған байланысты, Ақмола...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img