spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
18.2 C
Kokshetau

«Біз Абай жолындамыз» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі ұйымдастырған «Біз Абай жолындамыз» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді деп хабарлайды «Aqmola News».

Байқауға Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік Көкшетау университеті мен Абай Мырзахметов оқу орнының студенттері қатысты.

​Байқау шартына сәйкес, қатысушылар «Абай жолы» роман-эпопеясының І-ІІ томдарын оқып шығып, “Абайдың рухани әлемі” тақырыбында эссе жазуға тиіс болатын.

​Облыстық ішкі саясат басқармасының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Талпақова, тілдерді оқыту орталығының маманы Динар Жангелдинова және жергілікті абайтанушы Біржан Қайыров жас қаламгерлердің ұсынған туындыларын талдап, байқау қорытындысын шығарды.

Қазылар алқасының шешімімен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері Ұлан Батырханұлы І орынды, Исаева Балнұр ІІ орынды, Лесбек Жанел ІІІ орынды иеленді.
Сондай-ақ Аяулым Кульжанова, Мафтуна Нажиева, Ғалия Тұрархан есімді жас қаламгерлер ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

​Айта кетейік, жобалық кеңсе аталмыш байқауды екінші мәрте ұйымдастырып отыр. Ең алғаш рет «Біз Абай жолындамыз» байқауы 2021 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған болатын. Жоба әлі де жалғасын тауып, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ БАТЫРЫСЫЗДАР!»

  Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов шыңдар мен жазықтарды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img