spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
13.7 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өңірде ауылдардың жетістіктерін көрсету бойынша «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны іске қосылды. Жоба аудандарда отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрме-жәрмеңкелерін өткізуден басталды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Бұл марафон аудан орталықтарында, ауылдық округтерде, ауылдар мен кенттерде қазан айында өтеді.

Жобаның негізгі мақсаты – Тәуелсіздік жылдарындағы ауылдардың, кенттердің жетістіктерін көрсету, ауылдық елді мекендерді тұрақты дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Жақында Аршалы ауданында жергілікті тауар өндірушілер өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтті.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі атап өткендей, Аршалы кентінің орталық алаңында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде тұрғындар ет және сүт өнімдерін, көкөністер, бал және басқа да өнімдерді төмен бағамен сатып алды. Астық, арпа, сұлы, шөп және сабан үлкен сұранысқа ие болды.

Жәрмеңкеде жергілікті ірі кәсіпорындар – «Агрофирма «Поиск»

ЖШС, «Николаевское» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Балашов» ШҚ, «Питковский» ШҚ және т.б. өнімдер ұсынды.

Іс-шарада ерекше жеңілдіктер қарастырылған егде жастағы адамдарға ерекше назар аударылды.

«Мен қаймағы алынбаған сүттен жасалған сүзбе, сапасы жақсы сары майды қолайлы бағамен сатып алдым. Мұндай жәрмеңкелер тұрғындарға қысқа қажетті азық-түлік жинауға мүмкіндік береді. Бұл ыңғайлы, себебі барлық қажетті заттарды бір жерден сатып алуға болады», – деп бөлісті кент тұрғыны Райкүл Закумбаева.

Айта кетейік, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны аясында облыста бірқатар іс-шаралар өтеді. Олардың қатарында белсенді жастардың фермерлермен, шаруа қожалықтарының басшыларымен, агроөнеркәсіптік кешеннің озаттарымен кездесулері, «Ауыл – ел бесігі» әлеуметтік желілердегі суреттер конкурсы, білім беру ұйымдарында ашық сабақтар, Тәуелсіздік жылдарындағы ауыл шаруашылығы саласындағы аудандар мен қалалардың жетістіктері туралы фотокөрмелер бар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық ардагерлер Жеңіс күніне 3 миллион теңгеден алады

Биыл   Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай облыс майдангерлеріне төленетін төлемақы ұлғайтылып, әрқайсысы 3 миллион теңгеден алады. Елімізде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img