spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
6.1 C
Kokshetau

Ақмола облысында балалар әдебиетінің үздік 15 туындысы аудиокітап болып жарыққа шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі «Аудиокітап» жобасының «Балалар әдебиеті» сериясын жасап шығарды,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық фольклорды заманауи сұраныстарға сай икемдеу мақсатында әзірленген аудио кітапқа тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ әдебиетіне дейінгі ең үздік 15 туынды іріктеліп алынды.

Ақмола өңірінің рухани дамуын ілгері жылжытатын контент базасын қалыптастыру үшін  «Аудиокітап» жобасы Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесімен 2019 жылдан бері іске асырылып келеді.

Өткен жылы бұл жоба аясында аудиокітаптардың 2 сериясы жарық көрді: біріншісіне Ақмола өңірінен шыққан қаламгерлердің туындылары енсе, екіншісі қазақ әдебиетіндегі Ақмола өңірі туралы жазылған шығармалар негізінде әзірленген аудиокітаптардан құралды.

2021 жылы бұл жоба жалғасын тауып, «Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау жылы» аясында қазақ балалар әдебиетіне арналды.

Осылайша аталмыш серияға «Ер Төстік», «Аяз би», «Керқұла атты Кендебай», «Жақсылық пен Жамандық», «Сырттандар ертегілері», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы, Б.Әлімжановтың «Әліппе өлең» кітабы, Б.Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» повесі, Ы.Алтынсариннің өлеңдері, С.Жетпісқалиевтің «Бақтияр бұзық бала емес» әңгімесі, Ғ.Мүсіреповтың «Ананың арашасы» аудармасы, Қ.Төреғожаның «Көкжиек» кітабы, Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити» шығармасы, Зира Наурызбаева мен Лиля Калаустың «Алтын тостағанды іздеу» кітабы және Толымбек Әбдірайымовтың «Алабұға аулаған күн» кітабы енді.

Барлық аудиокітаптар кәсіби құралдарда жазылып, оған кәсіби мамандар тартылды. Бұл сериядағы аудиокітаптар сапалы өңдеумен және тартымды 3D эффектілермен ерекшеленеді.

Жоба аясында әзірленген аудиокітаптар ерекше дизайнмен безендірілген 150 дана DVD дискіге көшіріліп, балалар мен жасөспірімдер арасында таратылды.

Сондай-ақ YouTube платформасына орналастырылып, әдебиет сүйер қауым назарына ұсынылды.

Барлық аудиокітатар жергілікті «Көкше-контент» ақпарат агенттігінің YouTube арнасында орналастырылды.

 

 

 

  1. «Керқұла атты Кендебай» https://youtu.be/g3d111AFcL8
  2. «Жақсылық пен Жамандық» https://youtu.be/W5o49W_5e6E
  3. «Сырттандар» https://youtu.be/5tqfDZO3fDI
  4. «Ер Төстік» https://youtu.be/3XbQXPHhp54
  5. «Бақтияр бұзық бала емес» https://youtu.be/8rANif3SgYY
  6. «Көкжиек» https://youtu.be/UXHzl7QCM5M
  7. «Әліппе өлең» https://youtu.be/-gEnQ499nHc
  8. «Аяз би» https://youtu.be/gP-11Xs0HDU
  9. «Жиһанкез Тити» https://youtu.be/LMli2byzkiw
  10. «Алтын тостағанды іздеу» https://youtu.be/2IFasUIxOh8
  11. «Ананың арашасы» https://youtu.be/FPxZC4vhmkw
  12. «Өнер-білім бар жұрттар» https://youtu.be/O4ConVT5TwM
  13. «Ұшқан ұя» https://youtu.be/d3IFtmOfI_Y
  14. «Жекпе-жек» https://youtu.be/li7tF7-FbaA
  15. «Алабұға аулаған күн» https://youtu.be/-9JXA8jAGr0
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img