spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau

Премьера: Көкшетауда театр маусымы бесінші қазанда ашылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық – драма театры бесінші қазан күні XXV – Театр маусымын  Медеу Сәрсекенің » Тендерге түскен келіншек » драмасының премьерасымен ашпақ. Қоюшы режиссері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Оразхан Кенебаев. Қоюшы суретшісі: Баймұра Топанбаева,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Қойылым алдында театр фоесінде баспасөз өкілдерінің қатысуымен брифинг өтпек. Спикерлер театрдың көркемдік жетекшісі Медет Хамзин мен әдебиет бөлімінің меңгерушісі Манарбек Қыдырбай премьера алдында кезекті маусымдағы іс-жоспарлар мен қойылымның ерекшелігін баяндайды.

Қойылымының ұзақтығы: 1 сағат 30 минут.

Театр маусымының ашылуына қаланың және облыстың қоғам қайраткерлері, БАҚ қызметкерлері, Көкшетау қаласының қонақтары мен тұрғындары шақырылады.

Отандық қаламгер Медеу Сәрсекенің бұл туындысы бір отбасына тосыннан келген тағдыр сынағы арқылы, бүгінгі қоғамның бет – бейнесін көрсетеді.

Өрісін кеңейтіп немере бағып отырған қарапайым ата – ана Таубай мен Сағиланың ұлы мен келіні көлікпен адам қағып кетеді…

Айып арқалап темір торға қамалған жалғыз ұлды пара беріп құтқару үшін 100 мың доллар керек болады. Бауыр еті баласын уайымдап, сарсаңға түскен әке мен шеше бұл ақшаны қайдан таппақ? Бұл кесапатқа кім кінәлі? Бұл әлде келсап келіннің кесірі ме?

Бұл сұрақтардың жауабы қойылым барысында көпшілік көрерменге ой тастайды деп күтілуде.

Қойылымды қоюдағы мақсат- рухани құндылықтар мен адами болмысты насихаттау.

Жемқорлық пен тойымсыздықты әшкерелеу.

Қойылымының ұзақтығы: 1 сағат 30 минут.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img