spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
25.6 C
Kokshetau

Асқар Мамин: Мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтау қажет

Сондай-ақ...оқыңыз

Мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

«Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,97. Ауруханалардағы орын 53 және реанимациялық бөлімдері 47 пайызға пайызға жүктелген. Вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 6,1 млн адамнан асты, екінші компонент 4,8 млн-нан астам адамға салынды», – деді Үкімет басшысы.
Оның айтуынша, Түркістан облысы және Алматы мен Шымкент қалаларында вакцина салу қарқыны жақсы екенін атап өту қажет. Ал Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында вакцина салу қарқынын күшейту керек. Вакцина қорын толықтыру шаралары қабылданып жатыр.
«Оқу жылына дайындық аясында мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтап, оқу орындарының дайындығын бақылауды күшейту қажет», – деді Асқар Мамин.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика