spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
8.2 C
Kokshetau

Еркін Әуелбеков түсіме жиі кіреді – Алтай Нұрқасымов

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Көкшетауда мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековты еске алу шарасы өтті. Жиынға қатысқан оның жалғыз қарындасы Күләш Әуелбекова мен бірге қызмет еткен әріптесі Алтай Нұрқасымов «Aqmola News» тілшісімен қайраткер туралы естеліктерімен бөлісті.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Күләш Әуелбекова Әуелбековтер жанұясындағы жалғыз қыз. Ол дүние есігін ашқанда ең үлкен ағасы Еркін 24 жаста болған. Сондықтан қарындасы Еркін Нұржанұлының балалық шағынан ештеңе білмейтінін айтады.

Ағам екеуміздің арамыз 24 жас. Сондықтан мен ол кісінің балалық шағының қалай өткенін білмеймін. Ол үйдің үлкені мен кенжесімін. Ағам 24 жасқа келіп жігіт болғанда мен туылыппын. Бірақ анамның айтуы бойынша, ол 12-13 жасынан бастап ерекше көзге түсіпті. Анам өзі керемет ісмер тігінші кісі болды.  Қолынан келген ең стильді киімдерді тігіп ағама кигізіпті. Өте ұқыпты, таза жүретін ол аяқ киіміне дейін жалтыратып кигенді ұнатады екен. Бір қызығы ағам бала кезінде: «Мен өскенде белсенді, елге танымал адам болам» деп үйдегі бар орден медальдарды кеудесіне тағып алады екен. Ауыл үлкендері де ағамның мұнысына қолдау білдіріп, бата береді екен,-дейді Күләш Әуелбекова.

Осылайша, анасына әдейілеп костюм тіккізіп, оған орден-медальдарды қадап жүретін зерек бала жастайынан қоғам өміріне белсене араласуды армандаған.

Күләш апайдың айтуынша, отбасында 9 бала тәрбиеленіпті.  Сегіз ағасынан бүгінде екі ағасы ғана қалып, қалғандары дүниеден өтіпті.

Ал, облыстық ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы Алтай Нұрқасымов болса, қызмет бабында да, жеке өміріне де ұстаз бола білген Еркін Әуелбековты сағына еске алады.

Алтай ақсақалдың айтуынша, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылы ол кезде Ленинград ауданы Айсара совхозы  аталған.

Осы совхозда бас огроном болып қызмет етіп жүрген Алтай Нұрқасымовты Көкшетау облыстық партия комитетіне шақырады.

Бұл 1972 жылдың 15-ші наурызы еді. Мен ол кезде тым жас едім. Еркін ағамыз болса ел басындағы тәжірбиелі басшы. Содан соң маған Еркін Нұржанұлы: «Сені бюроның шешімімен Ленинградқа директор етіп тағайындадық» деді. Алғашында сәл жүрексінгенім есімде. Себебі ол жақта жағдай қиын еді. Кадр тапшылығы, әлеуметтік мәселелер өршіп тұрған уақыт еді. Еркін ағам болса, бәрі рет-ретімен шешіледі деді. Айтқанындай кейін совхоз көркейіп, біраз жұмыстар алға басты. Мен директор болып тұрғанда Еркін Әуелбеков үш рет келіп, жағдайды білді. Мектеп, балабақша мәселелерін шешіп, астық сақтайтын қамба салдырды,-дейді Алтай ақсақал.

Ол кезде Айсара совхозында екі мыңға жуық халық тұрыпты.

Халықтың тығыздығына байланысты мектеп пен балабақша тапшылығы күн тәртібіндегі мәселелердің бірі еді. Сол себепті Еркін Әуелбеков 140 орындық балабақша мен 560 бала оқитын мектепке жағдай жасап, ауыл балаларының білім алуына бар мүмкіндікті туғызады.

Осы мектептің арқасында біз кадрды алыстан іздеген жоқпыз. Біз мұнда огрономды, мал дәрігерлерін, ауыл шаруашылығы мамандарын дайындадық. Қазір қарап отырсам соның барлығы Әуелбековтың ықпалымен атқарылған жұмыстар екен. Тіпті, қазірдің өзінде ауыл тарап кетпей, айрандай ұйып отырғаны да, сол ұстазымыздың арқасында деп сеніммен айта аламын,-дейді Алтай Нұрқасымов өткен жылдарды еске ала келе.

Жас өміріне  тәжірбие беріп, қанаттандырып, сәулелі ғұмырымен үлгі бола білген ұстазын ақсақал түсінде жиі көретінін айтады.

Ол кісінің бөліскен тәжірбиесі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, қабылдаған шешімдері әлі күнге дейін есімде. Өзім биыл 85-ке келсем де, ұлағатты өмірін үлгі санаймын. Себебі ол туған халқы үшін жанын аяған жоқ. Ел ішіндегі еңбек ерлерін іздеп жүріп, көтермелеп халыққа көрсетті. Өзім түсіме кірген сайын құран бағыштап тұрамын,-деді Алтай Нұрқасымов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img