spot_img
Сейсенбі, Сәуір 23, 2024
10.2 C
Kokshetau

Бүгін Еркін Әуелбековтың туған күні: Көкшетауда еске алу шарасы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, социалистік еңбек ері, қазақ халқының аяулы перзенті Еркін Әуелбеков 91 жасқа толды. Осыған орай өзі тұрған Сәтбаев 15 мекенжайында еске алу шарасы өтті. Оған қала әкімі Бауыржан Ғайса, көкшелік зиялы қауым өкілдері, Әуелбековпен бірге қызмет еткен әріптестері және жалғыз қарындасы Күләш Әуелбекова мен оның туыстары қатысты,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Еркін Әуелбеков 1930 жылы 22 маусымда қазіргі Ғабит Мүсірепов ауданы Жаңасу ауылында дүнеге келді.

Ол еліміздің әр аймағында басшылық қызметтерде болып, экономикалық-әлеуметтік қайта құру жұмыстарына белсене араласты.

Бүгін өзі тұрған  үйінің тұсына қойылған ескерткіш тақтасының маңайына гүл шоқтары қойылып, көз көрген әріптестері мен жақын туыстары қайраткерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Содан соң қала әкімі туған халқының мүддесін қорғаған қайраткердің еңбек жолы мен адамгершілік қасиеттерін айта келіп, жиналған қауым мен оның туыстарына алғыс айтты.

Ел мүддесі үшін Еркін Әуелбековтың бар ғұмыры күреске толы болды. Ол туған халқы үшін ештеңесін аяған жоқ. Былтыр жергілікті ардагерлер ұйымы айтулы тұлғаға арнап, Көкшенің төрінен ескерткіш орнату туралы бастама көтерген болатын. Осыған орай мәдениет басқарамасы мен тарихи мұраны қорғау, пайдалану орталығы ескерткіш орнатуға республикалық ашық байқау жариялады. Қала әкімдігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы шешімі бойынша қаладағы Әуелбеков пен Сымағұл Сәдуақасов көшелерінің қиылысында ескерткіш орнататын жер белгіленді. Бұл жер Еркін Әуелбеков Көкшетау қоғамдық қорына үш жылға жалға берілді. -Алдағы уақытта ескерткіш орантылатын болады. Бұл көкшеліктер үшін үлкен сын,-деді қала әкімі жиын барысында.

Сонымен қатар іс шарада облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Айдар Мурзин, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ардагерлер ардагерлер ұйымының төрағасы Алтай Нұрқасымов, бұрынғы  Келлеровск аудандық комисариат партиясының бірінші хатшысы Галина Лазеренко және  «Еркін Әуелбеков  қоры» қоғамдық қорының төрағасы Оразкен Нұртазин сөз сөйлеп, лебізін білдірді.

Көкшетауда қоғамдық қор құрылғалы бері Еркін Нұржанұлы туралы көптеген іс шараларды атқарып келеміз. Ал, ескерткіш орнату мәселесі қордың алғашқы болып көтерген бастамаларының бірі. Бұл жалғыз көкшеліктерге артылған жауапкершілік емес, сондықтан бұған еліміздің әр аймағынан бастамалар жалғасын тауып жатыр. Тіпті, бір студент хабарласып, бес мың теңге аударды,-деді Оразкен Нұртазин.

 

Бүгінде еліміздің әр аймағынан ескерткіш орнатуға кәсіпкерлерден, жеке тұлғалардан қоғамдық ұйымдардан қаражат жиналып жатыр. Қызылорда облысы «Еркін Әуелбеков қоры» қоғамдық қоры жеті миллион теңге қаражат ауадарды. Бүгін ғана таң ертең Торғайдан да қоғамдық қор құрылып, қаражат жинақталып жатыр деген қуанышты хабар алдық. Торғайлықтар да бұл іске өз үлестерін қосатынын жеткізді. Қаражат әлі де жеткіліксіз, дегенмен ел жұрт барда жиналады, тұлғаға арналған ескерткіш биылдан қалмай бой көтереді деген сеніміміз мол,-деді Ғосман Төлеғұл сөйлеген сөзінде.

Ғосман Төлеғұл дәл бүгінгі 22 маусымның ерекше астраномиялық белгісі бар екенін де айтып өтті. Ғалымдардың пайымдауынша, бүгін жер шарының аспан көгінде Күн ең ұзақ тұратын көрінеді. Осыған байланысты ол Еркін Әуелбековтің де дәл бүгін туылғанын айта келіп, қайраткердің де атқарған жұмыстары мен игі істері ұрпақ санасында ұзақ әрі мәңгі жаңғырсын деген тілегін жеткізді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазіргі бақылау мен тексерістердің өз ерекшеліктері бар

«Бизнесті тексеру – бұл айналып келіп, бір қақпаға соға беретін доп ойыны емес» деген тақырыпта жазылған газет бетінде бір...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img