spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
18.2 C
Kokshetau

Көкшетауда Street Workout бойынша жазғы маусым басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Street Workout» жастар субмәдениеті жыл сайын танымал болуда, осы спорт түрін насихаттау және дамыту бойынша облыстық қозғалыс жұмыс істейді,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.  

Жақында Көкшетау қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Street Workout бойынша облыстың ашық чемпионатының жазғы маусымының ашылуы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, облыстық жастар-ресурстық орталығы мен дене шынықтыру және спорт басқармасы, іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастар арасында қозғалысты насихаттау болып табылады.

Қаланың орталық саябағында мамандандырылған воркаут алаңында өткен ашық чемпионатқа Көкшетау және Петропавл қалаларынан, сондай-ақ Ақмола облысының аудандарынан 15 және одан жоғары жастағы жігіттер мен қыздар қатысты.

«Мұндай іс-шаралар жастардың дені сау және әдемі денені қалыптастыруға, оларды спортқа баулуға және өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. Жазғы маусымның ашылуымен әрбір адам жеке жаттығуларға жазыла алады, сондай – ақ «Street Workout Aqmola» қозғалысына қатыса алады»,-деп атап өтті жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Мақпал Жанарисова.

Спорттық турнир бірнеше номинация бойынша өтті: 15 жасқа дейінгі» Freestyle», 15 жастан асқан» Freestyle», жігіттер мен қыздар арасындағы » Қоссайыс».

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, өңірде спорттың бұл түрімен 5 мыңнан астам жастар айналысады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ БАТЫРЫСЫЗДАР!»

  Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов шыңдар мен жазықтарды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img