spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
8.4 C
Kokshetau

Ақмолалық оқушылар командасы республикалық олимпиядада топ жарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық оқушылар «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының жүлдегерлері атанды,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Бастауыш сынып оқушылары арасында республикалық «Бастау» XIV математикалық турнирі өтті. 2021 жылы 15-19 маусым аралығында онлайн режимдегі турнир физика-математика мектебінің базасында ұйымдастырылды.

Оның мақсаты дарынды балаларды анықтауға, дамытуға және қолдауға, оқушылардың математикадан білімдерін тереңдетуге және кеңейтуге бағытталды. Аймақ намысын 3 оқушыдан тұратын екі команда қорғады.
Бірінші команданың құрамында – Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің оқушылары Серік Амина, Әмірхан Нұрай және  Рахадин Әділжан болды.

Екінші командада Көкшетау қаласы, №17 орта мектеп-гимназиясының оқушылары Белоусов Максим, Тіржан Жалғас және Бочкарев Эммануил бақ сынасты.

Турнир қорытындысы бойынша жеке сынақ турынан ІІІ дәрежелі дипломмен Белоусов Максим марапатталды.

Сонымен қатар грамотамен 4 оқушы марапатталды. Олар Әмірхан Нұрай – Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің 3 сынып оқушысы; Рахадин Әділжан – Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің 4 сынып оқушысы; Тіржан Жалғас – Көкшетау қаласы №17 орта мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы; Бочкарев Эммануил – Көкшетау қаласы №17 орта мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы.

Командалық есепте Көкшетау қаласы әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің оқушылары 3 орынға ие болды.

Айта кетейік, олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен 2-4-сынып оқушылары арасында 144 қатысушы бәсекеге түсіп, 48 команда бақтарын сынады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img