spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
17.3 C
Kokshetau

Ақмолада мас әйел көршісінің шөбін өртеп жіберді

Сондай-ақ...оқыңыз

Целиноград ауданында әйел көршісінің 10 тонна шөбін өрттеп жіберді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Aqmola News».
Оқиға 12 маусым күні болған. Полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне арыз жазған 60 жастағы әйел өзінің 10 тоннадан астам шөбін біреулердің өртеп жібергенін мәлімдеген.

«Оқиға орнына дереу аттанған полицейлер ауласындағы үйілген шөпке өрт қойған адамды бірден анықтады. Ол өзінің көршісі болып шықты. Удай мас болған көрші әйел ауладағы көршісінің шөбіне өрт қойған. Әйел өз кінәсін толығымен мойындады. Әйелдер осыған дейін үйлерінің учаскелік аумағы жөнінде дауласып қалғаны белгілі болды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 202 бабының 2 тармағы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою және бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті әйелге қатысты міндетті түрде келу туралы процесуалды шешім қабылданды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика