spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
16 C
Kokshetau

Премьер-Министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин меморгандар мен өңір әкімдіктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда биылғы бес ай ішінде өсім 1,6% болды. Экономика дамуының негізгі драйверлері – өңдеу өнеркәсібінде өсім 7,2% пайыз, машина құрастыруда 21,1%, оның ішінде автомобиль жасауда 26,4% және локомотивтер мен вагондар құрастыруда өсім 54,9% болды. Өңдеуші секторда жоғары серпін көрсеткен салалар – химия өнеркәсібінде өсім 9,8%, жеңіл өнеркәсібінде 5,5%, металлургияда 2,7%, фармацевтикада 25,7% және мұнай өңдеуде 3,4%. Құрылыс секторында өсім 11,3% пайыз және тұрғын үйді пайдалануға беруде 12,5% – немесе 4,6 млн шаршы метр жоғары өсім қарқыны қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығындағы өсу қарқыны – орнықты, 3,1% құрап отыр», – деп атап өтті Премьер-Министр бүгінгі Үкімет отырысында.

Бүкіл экономикадағы негізгі капиталға инвестициялардың өсуі, тау-кен өндіруді есептемегенде, 25,5% құрады. Қызмет көрсету секторында, атап айтқанда, сауда және байланыс саласында екінші ай қатарынан оң қарқын байқалып отыр.

«Биылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша барлық 7 негізгі макрокөрсеткіш бойынша Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында өсім байқалып отыр. 6 негізгі көрсеткіш бойынша жеті өңірде жоғары қарқын тіркелді. Бұлар – Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Алматы және Түркістан облыстары. Жеті өңірде 5 көрсеткіш бойынша оң серпін бар. Бұл – Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары. Батыс Қазақстан облысында ең төменгі көрсеткіштер байқалды», – дейді А. Мамин.

Премьер-Министр өсу серпінін ұстап тұру үшін экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестициялар тарту және жұмыс орындарын құру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін айтты.

«Сонымен қатар, инфляция деңгейінің өсуі байқалуда. Бұл – бірқатар тауарлар мен ақылы қызметтер бағасының ұлғаюына байланысты. Өңірлер әкімдіктеріне мемлекеттік органдармен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, тамақ өнімдерінің өндірісін ынталандыру және олармен ішкі нарықты молықтыру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өңірлер әкімдіктерімен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсу фактілерінің жолын кесуді дер кезінде қамтамасыз етсін», – деп тапсырма берді ол.

Сонымен бірге, кірістер бойынша бюджеттің атқарылуы биылғы жоспарға қатысты 101,6% деңгейінде қалыптасты.

«Әкімшілерге ай сайынғы жоспарлы игеруді қамтамасыз етуді тапсырамын. Алты айдың қорытындысы бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын Мемлекет басшысы деңгейінде қарастыру көзделіп отыр. Министрліктер мен әкімдіктерге жұмысты жандандырып, ұлттық экономиканың жоспарланған өсу көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша Мемлекет басшысы белгілеп берген міндеттерді іске асыруда тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын», – деді Асқар Мамин.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img