spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
18.1 C
Kokshetau

Ақмола облысындағы азық-түліктің қымбаттау көрсеткіші басқа өңірлермен салыстырғанда біршама төмен

Сондай-ақ...оқыңыз

Әлем бойынша азық-түліктің қымбаттауы соңғы 10 жылдың рекордтық көрсеткішіне жетті. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азық-түлік бағасының өсуі бүкіл әлемде байқалады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы құрылымының деректеріне сәйкес, биылғы мамыр айындағы бағалар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ке өскен. Бұл соңғы 10 жылдың рекордтық көрсеткіші болып отыр», – деді Сауда министрі бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бағаның қымбаттауы көршілес елдерде де байқалады. Мәселен, Ресеймен салыстырғанда Қазақстанда көптеген тауарлар бойынша баға өсімі төмен.

«Өкінішке орай, әлемдік нарық бізге де әсер етті. Бірақ, бізде ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігіне әкелетін қосымша проблемалар байқалады», – дейді Бақыт Сұлтанов.

Айта кетейік, биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының айтарлықтай қымбаттауы Түркістан облысында – 9,4%, Нұр-Сұлтан қаласында – 8,5% және Алматы қаласында – 6% тіркелген.

Бағаның ең төмен өсімі Батыс Қазақстан облысында – 5,7%, Ақмола облысында – 5,6% және Қарағанды облысында – 5,2% байқалады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img