spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
1.2 C
Kokshetau

Көкшетауда шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің қатары артып келеді – қала әкімі

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының экономикалық-әлеуметтік дамуында шағын және орта бизнестің рөлі маңызды. Бүгінде қалада 16 400 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері 61 жаңа жұмыс орны пайда болды. Бұл туралы аймақ дамуының өзгерістеріне арналған брифингте қала әкімі Бауыржан Ғайса жеткізді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бүгінгі таңда ел үкіметі шағын және орта бизнесті қорғау бойынша пәрменді қадамдар жасауда.

Бизнестің мүдделерін қорғау үшін Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен ынтымақтастық туралы меморандумға және бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойғаны белгілі.

Ұлттық палата бизнесті қорғау функцияларын іске асыру үшін барлық мүмкіндіктерге жол ашуда.

Шағын бизнес субъектілерінің қызметінен бюджетке түсетін түсімдер сомасы жеті миллиардқа жақындады. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 59,4 пайызға ұлғайды,-деді қала әкімі журналистермен кездесу барысында.

Бөлшек тауар айналымының көлемі  де артып 46 миллиардқа жақындады, бұл –  өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 100,1 пайызға өсті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img