spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
14.8 C
Kokshetau

10 маусымға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер бейсенбі, яғни 10 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай мен жаңбыр болады, еліміздің оңтүстік-шығысында, орталығында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, дауыл, бұршақ болып, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл болады, желдің күшеюі 17-22, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жауады, желдің күшеюі 15-20 м/с жетіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ жауып, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады.

Күндіз Жамбыл облысының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

«Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Түркістан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады», – делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img