spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
9.2 C
Kokshetau

«Ұлтшыл» деп айыпталған Есмағамбет Ысмайыловтың жеке заттары көрсетілді

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы Әдебиет және өнер музейіндегі әдебиеттанушы, әдебиет сыншысы, 1951 жылы «ұлтшыл» деп айыпталып ғұмырының үш жылын қамауда өткізген Есмағамбет Ысмайыловтың жеке қорындағы жәдігерлерді ұсынды,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов, Көкше өңірінде, қазіргі Біржан сал ауданының, Шоқытас ауылында, 1911 жылы мамыр айының 15 күні дүние есігін ашқан.
1926-1930 жылдары Көкшетау мен Қызылжардағы (Петропавл) балалар үйінде оқып, тәрбиеленген Есмағамбет 1930-1934 жылдары Қазақ мемлекеттік педагогика институтында (қазіргі Абай атындағы педагогикалық университет) тәлім алып, тіл-әдебиет факультетін ойдағыдай бітіріп шығады.
Еңбек жолын ғылыми-зерттеу институтында, журналистика саласындағы қызметтерден бастайды.
1934 жылдан бастап өмірінің соңына дейін КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалындағы Жамбыл атындағы әдебиет және халық шығармашы-лығы секторының аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісін, сонымен қатар ғылыми-педагогтік қызметті ұштастырып, абыройлы еңбек етті. Есма¬ғамбет Самұратұлы Ысмайыловтың:
1933 жылы «Тұлпар жыры», 1934 жылы «Жігер», 1936 жылы «Жаз еркесі» секілді жыр жинақтары жарық көрді.
1943 жылы «XX ғасырдың басындағы қазақтың демократиялық әдебиеті» деген тақырыпта филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғайды.
1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясы құрылып, оның Тіл және әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директор қызметтерін атқарды.
1957 жылы «Қазіргі ақындардың шығармашылығындағы ұлттық дәстүр» деген тақырыпта («Ақындар» монографиясының негізінде) док-торлық диссертация қорғады.
1958 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
1961 жылы «Қазақ КСР-інің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
«Қазақ әдебиеті тарихының» фольклорға арналған еңбегінде Е.Ысмайылов: « XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы күрестерінің ең бір іргелісі Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі еді. Он жылға созылған (1837-1847) бұл көтеріліс қазақтың әлеуметтік тарихынан қандай зор орын алатын болса, ауыз әдебиеті тарихынан да ерекше орын алады» деп жазады.
Ғалым қазақ фольклоры мен әдебиеті тарихындағы осындай әділ де батыл пікірлері үшін «ұлтшыл» деп айыпталып, 1951 жылы қамауға алынады. 1954 жылы қылмысы дәлелденбегені себепті қамаудан босатылады.
Есмағамбет Самұратұлы 1966 жылдың 29 қарашасында дүниеден озды.
https://www.facebook.com/100012277059548/posts/1219968905089000/
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img