spot_img
Сәрсенбі, Шілде 8, 2026
26.7 C
Kokshetau

Қорғалжындағы еске алу шарасына саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Қорғалжын ауданында саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының қатысуымен еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Шараға аудан әкімі Берік Женбаев, жергілікті зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Бөлеген Мұхамедияұлы Тыныбеков, Лев Васильевич Гейленгер, Валентина Николаевна Деткова, Мария Яковлевна Латыпова, Нина Александровна Бойченко қатысты.

Шара барысында саяси қуғын-сүргін құрбандары мен Алаш қайраткерлерінің құрметіне ағаш отырғызылды.

Еске сала кетсек, тарихтағы бұл қаралы күн Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап аталып өтеді.

Саяси репрессия 1928 жылдан басталды. Қазақ елінде алдымен Алаш қайраткерлері тұтқындалды. Оларға «ұлтшыл» деген айып тағылды. Салдарынан Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов, Ілияс Жансүгіров және тағы басқа да көптеген қазақ зиялыларыа ату жазасына кесілді.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласы алғаш рет республикалық спартакиаданы қабылдайды

2026 жылғы 11–17 шілде аралығында Ақмола облысында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында республикалық спартакиада өтеді. Ауқымды спорттық іс-шараға Қазақстанның...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика