spot_img
Жексенбі, Наурыз 3, 2024
-8.3 C
Kokshetau

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері архив құжаттарымен танысты

Сондай-ақ...оқыңыз
Көкшетау қаласының мемлекеттік архивіне Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері келді. Көкшетау қаласының пробация қызметінің қызметкерлері үшін «Тарихтың қайғылы парақтары» атты еске алу сағаты өткізілді, онда репрессияға ұшырағандар бойынша сақталған құжаттар көрсетілді,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.
Қызметкерлер «Қазақ ССР Ішкі істер министрлігінің Павловка ауылындағы мәжбүрлі еңбек лагерлері мен колониялары басқармасының № 3 лагерь бөлімі» құжаттарына ерекше назар аударды.
Бұл қордың құжаттары ерекше қызығушылық тудырды, өйткені бұл қорда сол жылдардағы қылмыстық-атқару жүйесінің құжаттары, яғни Қазақ КСР НКВД-нің бұйрықтары, нұсқаулықтары және лагерь бөлімінің басқа құжаттары көрсетілген.
Сондай-ақ, келушілерге қуғын-сүргінге ұшыраған жерлестеріміздің жазушы Салахов Ибрагим Низамұлының, саяси қайраткерлер Досов Әбілқайыр Ысқақұлы мен Темірбеков Зарап Мусинұлының жеке қорларындағы құжаттар көрсетілді.
Бұл құжаттардың бәрі озбырлық пен заңсыздықтың құрбаны болған, сталиндік репрессияның кесірінен өмірін қиған біздің азаматтарымыздың тағдыры туралы қатал естеліктерді сақтайды.
Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінің қызметкерлері ҚМУ тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығымен және Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Көкшетау қаласы пробация қызметінің қызметкерлерімен бірге саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Бұл күн шынымен де маңызды саяси және адамгершілік мәнге ие. Жүз мыңдаған жазықсыз сотталған адамдардың естелігі біздің отандастарымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

2023 жылы 140 мыңнан астам ақмолалық АИТВ-ға тестілеуден өтті

Бірінші наурызда ЮНЭЙДС бастамасымен, бүкіл әлемде "Кемсітушілік нөлі" күні атап өтіледі. 2024 жылғы ұраны - "Әркімнің денсаулығын сақтау үшін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img