spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
4.2 C
Kokshetau

Қазақстанда 2 миллионнан астам адам вакцина салдырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу науқанына қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бүгінгі таңда вакцинаның шамамен 3,2 млн дозасы пайдаланылды. Оның ішінде бірінші компонентпен 2 131 519 адам егілді. Бұл тиісті халықтың 21% – ын құрайды. Екінші компонентпен 1 074 954 адам қамтылды», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Үкімет отырысында.

Министр атап өткендей, егу пунктерінде вакцина дозаларының саны жеткілікті – шамамен 330 мың бірінші компонент және 811 мың екінші компонент бар.

Бұдан басқа, маусым айында қосымша 2 млн дозаға жуық қос вакцина жеткізіледі деп күтілуде.

Бүгін, 1 маусымда арнайы бортпен Алматыға 500 мың доза көлемінде «CoronaVac» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Препаратты Қытай биофармацевтикалық компаниясы шығарған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Жігіт сұлтаны» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында "Жігіт сұлтаны" қалалық байқауы өтті. Байқауға Азаматтық қорғау академиясының, Қорғаныс басқармасының, № 5310 әскери  бөлімінің курсанттары,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img