spot_img
Сенбі, Мамыр 16, 2026
15.9 C
Kokshetau

Ақмола облысының шалғай ауылдарына вакциналауға жылжымалы медициналық кешендер жіберілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада шалғай елді мекендер үшін 11 жылжымалы медициналық кешендер жұмыс істеуде. Медициналық жабдықтар орнатылған автобустарда шалғай ауыл тұрғындарына вакцина егілуде. Жалпы, облыс бойынша барлығы 26 көшпелі мобильді егу бригадасы бар, олардың 7-і қалаларда және 19-ы ауылдық жерлерде жұмыс істейді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді.

«Егу пункттері мен егу бригадалары тоңазытқыш жабдықтарымен қамтамасыз етілген, «салқындату тізбегіне» де тұрақты бақылау жүргізіледі,-деді Айнагүл Мусина.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғысы келетін адам телефон арқылы учаскелік дәрігерге хабарлауы керек. Емхана тізімге енгізіп, кезек тәртібінде екпе алуға болатынын түсіндіреді.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі «электрондық үкімет» порталында вакцинацияға жазылу» жаңа қызметін іске қосты.

Ақмолаға қарағандылық «СпутникV» вакцинасының 5000 дозасы жеткізілді,-деді Айнагүл Мусина брифинг барысында.

Еске сала кетсек, бүгінде қазақстандық вакцинамен 1000 адам егілді.

Ал, жалпы, қазіргі кезде облыста 49403 адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін, 11317 адам екінші компонентін алды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика