spot_img
Сенбі, Мамыр 16, 2026
15.9 C
Kokshetau

Ақмолада «Ұлттық мектеп лигасы» спорт жарыстары басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Кеше Ақмола облысы Бурабай ауданы «Ботакөз» демалыс үйінің базасында «Ұлттық мектеп лигасы» спорт жарыстарының ашылу рәсімі өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Іс-шара ұлттық «тоғызқұмалақ» ойынымен басталды. 3-7 мамыр күндері тоғызқұмалақ ойыны бойынша еліміздің 13 өңірінен келген 150-ден астам оқушылар бақ сынасуда.
Ұлттық мектеп лига жарыстарының негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Лига жарыстары барысында жасөспірімдер арасында командалық рух қалыптастыру және ауылдық, аудандық, облыстық деңгейде қоғам өміріне белсене атсалысатын лидер, көшбасшыларды топтастыру.

Айта кетсек  Көкшетауда «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасына сәйкес,  5-6 мамыр аралығында  7-11 сынып оқушылары арасында асық ату, бес тас ойындарын өткізуді жоспарлады.

Ал, алдағы уақытта 17-21 мамыр аралығында Щучинск қаласында тоғызқұмалақ өткізіледі.

Сайыс кезінде барлық карантин талаптары қатаң сақталады.Бұған дейінгі қатысушылардың бәрі ойын ережесіне сәйкес, алдын-ала ПЦР-тест тапсырып келді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика