2021 жылғы 2 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
2 671 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 425 адам, анықтамасыз 246 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 2 060 жолаушы, анықтамамен – 1 825,
анықтамасыз – 235;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 580 жолаушы,
анықтамамен – 569;
анықтамасыз – 11;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 31 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Айта кетейік, 2021 жылдың 1 наурызында шетелден анықтамасыз келген 199 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.