spot_img
Дүйсенбі, Қараша 9, 2026
-0.8 C
Kokshetau

Головкиннің келесі қарсыласы мен кездесу уақыты белгіленді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды деп жазады Vesti.kz. Жерлесіміз өзіне тиесілі IBF чемпиондық титулын екінші рет қорғайды. Оның қарсыласы – бұрын жеңіліп көрмеген мексикалық боксшы Хайме Мунгия.

Жекпе-жек 7 мамырда Техас штатында өтеді. Тараптар бірнеше аптаға жалғасқан келіссөздерден кейін осындай шешімге келген.

Мунгия – алғашқы орта салмақта әлемнің экс-чемпионы. Головкиннің салмағына өткелі бері екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Алғашқы жекпе-жегінде ирландиялық Гэри О’Саливанды тізе бүктірсе, екіншісінде Багам аралдарының боксшысы Туреано Джонсоннан басым түскен.

Еске салайық, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсанында АҚШ-та өткізген болатын. Ол кезде қазақстандық боксшы поляк Камил Шереметаны нокаутпен жеңіп, өзінің әлем чемпионы атағын 21-рет қорғап қалды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жақсы ауылында «Жасыл болашақ» челленджі аясында 90-нан астам шырша отырғызылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақмола облысының Жақсы ауылында «Жасыл болашақ» эко-волонтерлік челленджі ұйымдастырылды. Игі бастаманың мақсаты –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика