spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
11.1 C
Kokshetau

Бурабайдағы қос полицейдің өліміне себепкер болған Воронцов 15 жылға сотталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қос полицей қаза тапқан Бурабайда болған қайғылы оқиғаның бүгін соңғы нүктесі қойылды. Бурабай аудандық сотының үкімі шықты. Көлікті мас күйінде айдап қос бірдей азаматтың ажалына себепші болған азамат темір торға қамалды, – деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Сот барысында Воронцов осыған дейін де көлік айдау құқығынан айырылғанын анықтады. Дегенмен, бұл оның көлік тізгіндеп заңды өрескел бұзуына кедергі болмаған.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 14 қазанында араққа сылқия мас болған ол шешесінің көлігін мінген күйі бағдаршамның қызыл шамына қарамастан 120 км/сағат жылдамдықпен полицияның қызметтік автокөлігін соққан. Соққының ауыр болғаны соншалық «Лексус» маркалы көлік полицейлерді бірнеше жүз метрге дейін итеріп барды. Салдарынан жұмысынан енді ғана қайтып бара жатқан қос полицей оқиға орнында көз жұмған. Ал Воронцовтың көлігінде отырған екі жолаушыға тек денсаулығына залал келген. Полиция бөлімінің көлігіне келтірілген залал көлемінің өзі 2 893 000 теңге соманы құраған.
«Воронцовтың кінәсі автокөлік жолаушыларының, оқға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлерінің көрсетімдерімен толықтай дәлелденді. Олар көліктің рөлінде Воронцовтың өзі отырып, машинаны өзі жүргізгенін жеткізді. Іс бойынша барлық қажетті сараптамалар өткізілді», – деді Бурабай аудандық сотының төрағасы.
Сот үкімі бойынша Воронцовқа орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеуге 15 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесілді. Ол өмір бойына көлікті басқару құқығынан айырылды.

Қаза тапқан полицейлердің әрбірінің отбасындағы жәбірленушілерге 10 миллион теңгеден, ал полиция бөліміне келтірілген материалдық шығын өндіріліп алынды. Воронцовқа алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img