spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 24, 2026
16.2 C
Kokshetau

Жол сапасы – басты назарда

Сондай-ақ...оқыңыз

«Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Акмола облысы бойынша филиалы 2026 жылы өңірдегі автомобиль жолдарының сапасына жүргізіліп жатқан жүйелі бақылау жұмыстарының аралық қорытындысын шығарды.
Орталық мамандары сапасыз құрылыс пен жөндеу жұмыстарына жол бермеуге бағытталған бақылау жұмыстарын жүргізіп, жол инфрақұрылымының сапасы мен ұзақ мерзімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына ықпал етеді.
Жыл басынан бері филиал мамандары жол құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 101 нысанды жұмыс пен материалдардың сапасына сараптамамен қамтыды. Нысандардың нақты жағдайын бағалау және нормативтік-техникалық құжаттар талаптарының сақталуын тексеру мақсатында 544 инспекциялық шығу жүргізілді.
Бақылау іс-шаралары барысында мамандар 348 ақау және 50 бұзушылық анықтады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мердігер ұйымдар 63 ақау мен 8 бұзушылықты жойды. Қалған анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша жұмыстар жалғасуда.
Инспекциялық шығулар барысында жол жұмыстарын орындау кезінде жиі кездесетін бірқатар типтік ақаулар мен бұзушылықтар анықталады. Олардың ішінде алынған керн үлгілерін зерттеу нәтижесінде анықталатын жол жабыны қабаты қалыңдығының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, асфальтбетон жабыны мен негіздегі сегрегация, сондай-ақ әртүрлі сипаттағы бойлық және көлденең жарықтардың пайда болуы бар. Сонымен қатар жол жұмыстарын жүргізу барысында техникалық қадағалаудың болмауы немесе оның тиісінше жүзеге асырылмау жағдайлары да тіркеледі.
Жол-құрылыс материалдарының сапасын сараптауға ерекше көңіл бөлінеді. Филиалдың сынақ зертханасында 2026 жылы автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде қолданылатын 1 452 материал үлгісі зерттелді. Зерттеу нәтижелері бойынша 367 үлгі белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмеді.
Дорожно-құрылыс материалдарын зертханалық сынау кезінде негізгі сәйкессіздіктердің қатарында асфальтбетон жабыны керндерінің тығыздалу коэффициентінің төмен болуы, суға қанығу көрсеткіштерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ түйіршіктік құрамның нормативтік талаптарға сәйкес болмауы анықталады. Түйіршіктік құрам асфальтбетон қоспалары үшін де, инертті материалдар, оның ішінде қиыршық тас үшін де тексеріледі.
Инспекциялық тексерулер мен зертханалық сынақтар барысында анықталған сәйкессіздіктер мердігер ұйымдардың жол нысандарын нормативтік талаптарға сәйкес келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдауына негіз болады.
Атап айтқанда, анықталған ақаулар, бұзушылықтар мен сәйкессіздіктердің нәтижесінде мердігер ұйымдар 65 мың шаршы метрден астам асфальтбетон жабынын қайта төсеу жұмыстарын жүргізді. Қайта төсеу жұмыстарының құны 336 миллион теңгеден асты.
Сапа сараптамасы жұмыстарды орындау технологиясының бұзылуын, қолданылатын материалдардың нормативтік талаптарға сәйкес келмеуін уақтылы анықтауға және оларды құрылыс немесе жөндеу жұмыстары барысында жою бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Жол жұмыстарының сапасын бақылау инспекциялық шығуларды жүргізуді, жол-құрылыс материалдарының үлгілерін алуды, зертханалық сынақтар өткізуді және орындалған жұмыстардың қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкестігін бағалауды қамтиды.
2026 жылы «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Акмола облысы бойынша филиалы мамандары кепілдік міндеттемелері аясында 27 жол инфрақұрылымы нысанының жағдайына тексеру жүргізді.
Олардың ішінде:
20 нысан – республикалық маңызы бар автомобиль жолдары;
6 нысан – көше-жол желісі;
1 нысан – аудандық маңызы бар автомобиль жолы.
Мұндай тексерулер кепілдік міндеттемелерінің қолданылу кезеңінде жол жабынының нақты жағдайын бағалауға, ықтимал ақауларды уақтылы анықтауға және оларды кепілдік талаптарына сәйкес мердігер ұйымдардың жою қажеттілігін белгілеуге мүмкіндік береді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі мақсаты – автомобиль жолдарының сапасы мен ұзақ мерзімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және жол инфрақұрылымының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 7 жылда 29 пайызға өсті

Соңғы жеті жылда Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетіп, жалпы ішкі өнім көлемі 29%-ға артты. Бұл көрсеткіш экономикалық белсенділіктің кеңеюін, өндірістің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика