spot_img
Сейсенбі, Мамыр 12, 2026
14.2 C
Kokshetau

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.

«Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі», делінген хабарламада.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі: Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар); Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика