spot_img
Сейсенбі, Мамыр 12, 2026
18.2 C
Kokshetau

Bolashaq Saraiy мен университет арасында серіктестік меморандумы жасалды

Сондай-ақ...оқыңыз
Көкшетауда «Bolashaq Saraiy” ШЖҚ МКК мен  Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті арасында өзара серіктестік меморандумы жасалды,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.
Меморандум аясында университет тарапынан жастардың ғылымға деген талпынысына демеу жасалып, ғылыми және педагогикалық ынтымақтастық басты назарға алынбақ.
Университет ректоры Марат Сырлыбаев  жас ғалымдарымыздың жетекшілік етуімен әртүрлі жобалар іске асырылып, облыстағы дарынды жастарды ғылым жолына баулу үшін жұмыстар атқарылады.
Сонымен қатар бизнес инкубатор ретінде жобаларды іске асыру да сырт қалмайды. Бүгінгі таңда әлемнің озық елдерінде ғылыми еңбектер адам өмірін жеңілдетуге бағытталған және жүйелі түрде іске қосылуда. Осы мақсаттарды іске асыруда аталмыш серіктестігіміз өз жемісін беретініне сенімім мол,-дейді Марат Сырлыбаев.
Еске сала кетсек, Болашақ Сарайы жастардың жан-жақты дамуына барлық мүмкіндіктері бар облысымыздың бірегей орталық. Мұнда заман талабына сай жасақталған зертханалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған сан түрлі үйірмелер жұмыс істейді.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика