spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
7.1 C
Kokshetau

4 наурыз күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

4 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын болжанады, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай облысында 15-20 м/с екпінде жел тұрып, күші 23 м/с артады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел болады. Күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, жекелеген аумақтарда жаяу бұрқасын болжанады.

Ақмола облысының кей жерлерінде, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Жекелеген аумақтарда тұман, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Жамбыл облысында желдің күші 23 м/с артады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жекелеген аумақтарда көктайғақ болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с артады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img