spot_img
Дүйсенбі, Қаңтар 20, 2025
-7.2 C
Kokshetau

2251 ақмолалық шетелге көшіп кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Стастикалық деректер бойынша өткен жылы 24 мыңнан астам қазақстандық шетелдерге көшіп кеткен. Олардың ішінде 2251 адам Ақмола облысының азаматтары. Дегенмен өткен жылмен салыстырғанда тұрғылықты жерін ауыстыруға ниеті адамдарды қатары едәуір азайыпты. Бұған карантиннің салдарынан шекараның жабылуы да ықпал еткен, деп хабарлайды «Aqmola News» kokshetautv.kz арнасына сілтеме жасап. 

Отандастарымыздың 90 пайызы ТМД елдеріне қоныстанған. Басым бөлігі тарихи отанына оралған этникалық орыстар. Ақмола облысынан 1894 адам Ресейге көшкен. Басқа адамдар жақсы өмір сүру үшін Еуропа және Біріккен Араб әмірліктеріне қоныс аударғанды жөн тауыпты. Сондай-ақ Германияға 193 және Польшаға 108 адам көшкен.

«2019 жылы басқа мемлекеттерге тұрақты қоныс аудару үшін шыққан азаматтардың 3505і 30-45 жастағы адамдар құрады. Ал өткен жылы 2251 адам. Халықтың көшу ағынының төмендеуі пандемия және карантин шектеулеріне байланысты болып отыр, – дейді облыстық көші-қон басқармасының бастығы Ақылбек Мадғұлов.

Статистиканың аздап төмендегеніне қарамастан бұқаралық миграция елімізде әлі де жалғасуда. Бұл мәселе Парламенттің Жоғары палатасында көп жылдардан бері талқыланып келеді.Қазақстандықтардың көшіп-қонуының негізгі себебі дамыған елдердегі денсаулық сақтау және білім берудің жоғары көрсеткіші болып отыр. Өкінішке орай отандастарымыздың жиған-тергені өзге елдің экономикасына қосылуда.

«Соңғы 5 жылда елімізден 189 765 адам қоныс аударған. Оның ішінде 70933 этникалық қазақтар да көшіп кеткен. Айырмашылық 118 мың 832 адамды құрап отыр. Қазақстаннан тұрақты түрде кетіп жатқан азаматтардың 43 пайызы 13 жастан 34 жасқа дейінгі жастар болғаны алаңдаушылық тудырады, – дейді ҚР Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова.

Осыған байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық эммиграцияны қысқарту бойынша шаралар қабылдауды ұсынған. Негізгі шарттың бірі елімізде сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Сарапшылардың айтуынша жастар халықаралық деңгейде сапалы білім алуға ұмтылады. Сондықтан да шетелдік жоғары оқу орындарын таңдайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Тілдерді оқыту орталығы: Қазақстан Республикасының тіл саясатын табысты іске асыруға қадам

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы Тілдерді оқыту орталығы Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img