spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
10.2 C
Kokshetau

Сыбайлас жемқорлыққа арналған байқау ұйымдастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыстың жалпы білім беретін оқу орындарында жас суретшілерге арналған «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында байқау өткізілді, деп хабарлайды «Aqmola News» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шараға қатысқан 250-жуық жас суретшілер сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері ықпалы мен адал өмір сүру қажеттігі жөнінде сурет бетінде өз ойларын білдірген.

Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақтың адалдық жалпыға ортақ еңбек пен сатылмау принциптерін танымал ету болып отыр. Конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-гимназиясының  9 сынып оқушысы Карина Мельникова жеңіп алса, екінші орын Атбасар қаласының 3 орта мектебінің оқушысы Алина Қыдырминаның еншісіне тиді. Үшінші орын Жақсы ауданы Перекатненская орта мепктебінің 7 сынып оқушысы Инги Витт табан тіреді, – дейді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар байқауда Ақкөл, Жақсы, Бурабай, Зеренді, Шортанды, Аршалы аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларының қатысушылары алғыс хаттарға ие болды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img