spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
7.3 C
Kokshetau

Ақмола облыстық сотының төрағасы «Құрмет» орденімен марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Сарманқұлұлы Әмір Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Мемлекеттік награданы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов табыстады.

«Мәртебелі награда Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмірге мемлекеттік және қоғамдық қызметіндегі жетістіктері, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін берілді. Досжан Сарманқұлұлын жоғары наградамен құттықтаймыз! Қазақстанның сот жүйесінің дамуына үлес қосқаныңыз және өскелең ұрпаққа тұрарлық үлгі көрсеткеніңіз үшін алғысымызды айтамыз. Бұл кәсіпқойлық пен жүргізілген еңбегіңіз үшін берілген лайықты баға. Еліміздің игілігі үшін жұмысыңызға жаңа идеялар мен мол табыс тілейміз», – делінген Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасында

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img