spot_img
Сейсенбі, Мамыр 12, 2026
13.2 C
Kokshetau

30 қараша күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

30 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстігі, шығысы, орталығы және оңтүстік-шығысында қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің күшейіп, елімідің солтүстік-шығысында көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, күндіз – көктайғақ.

Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика