spot_img
Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
19.2 C
Kokshetau

Көкшетауда 2022 жылға қарай сапалы ауыз су беріле бастайды-әкім

Сондай-ақ...оқыңыз

Көп жылдардан бері көкшетаулықтар сапалы ауыз судан зардап шегіп келеді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ермек Маржықпаев өңірдегі сапасыз суға қатысты қойылған журналистер сұрағына жауап берді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Облыс әкімі 2022 жылға қарай көкшеліктер таза сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетінін жеткізді. Бұрынғы жылдары «Көкшетау қаласын сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін қайта құру» жобасы іске қосылған еді.

1986 жылдан бастап біздің сумен жабдықтау жүйелеріміз апатты деп танылды. 2009-2010 жылдары жаңа жоба бекітілді. 60 мың текше метр суды өңдейтін жобаның жобалау-сметалық құжаттары жасалды. Бүгінде бұл жобаға түзету жұмыстары жүргізілуде. Бөлінген қаражаттың көлемі -3,7 миллиард теңге,-деді аймақ басшысы бұл мәселе туралы сөз болғанда.

Жоба бірқатар түзетулерден өткізіле келе, бұл қаражат ұлғайтылып, жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінетін болды.

Облыс әкімінің сөзінше, бүгінде бұл шаруаға 250 миллион теңге бөлінген.

Сонымен қатар Ермек Маржыпаев Бұзылық су қоймасы туралы да айтып өтті. Журналистер әкімнен су қоймасының құрылысы қай кезеңде екендігін сұрады. Әкім атап өткендей, бұл жоба Ақмола және көрші облыстар Қостанай мен СҚО үшін де маңызды.

Су сақтау қоймасының көлемі 350-400 миллион текше метр су сақтауға арналған.Бұл су тасқынына қарсы шараларға дайындалуға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл қордағы қосалқы тұщы су. Мұндай ірі су қоймасы экология саласы мен ауылшаруашылығы саласын дамытуға септігін тигізеді. Сонымен қатар суармалы дақылдардың көлемі ұлғаяды, оның өнімділігі үш есе жоғары,-деді облыс әкімі.

Экология министрлігі бұл жобалармен айналысып жатыр. Қазіргі кезде техникалық негіздеу аяқталды, жобалау-сметалық құжаттары басталды.

Егер барлық шаруа ойдағыдай болса, бұл жобаны толық 2022 жылы жүзеге асыратын боламыз,-деді спикер.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқорлығында болады – Қасым-Жомарт Тоқаев

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Біз су тасқыны салдарынан болған барлық шығынды өтейміз. Әрбір азамат, әрбір...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img