spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
8.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында тілдер мерекесінің он күндігі аясында 1000-ға жуық іс-шара өткізіледі-Алтынай Әміренова

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында онлайн форматта өткізілетін Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары бастау алды. Онкүндіктің ашылуы өңірлік коммуниуациялар алаңында өткізіліп, жиында Ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова айтулы мерекеге жоспарланған жұмыстармен таныстырды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Тіл мерекесін тойлауға бағытталған барлық іс-шаралар эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылдың 4-16 қыркүйек аралығында өткізілмек.

Брифингте спикер алдымен бұған дейін атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Мәлім болғандай, өңірде тіл саясатын дамыту үшін жоспарлы жұмыстар жүргізілген.

Мәселен, Ақмола облысының облыстық сотында «Мемлекеттік тілдің облыстағы сот төрелігі мәселесіндегі кеңістіктері мен кедергілері» тақырыбында конференция өткізілген. Осының арқасында мемлекеттік тіл төңірегіндегі мәселелер талқыланып, тілді қолдану аясын кеңейту мақсатында мамандар қажетті дәрістер алған. Ал, Ақкөл ауданында «Жаңа нұсқа – жаңаша көзқарас» атты өңірлік семинар-практикум ұйымдастырылған.

Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру мәселесі бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік органдарда, мекемелерде 1464 іс-шара өткізіліп, 19744 адамға насихаттық-түсіндіру жұмыстары өткізілген.

Тіл саясатының тағы бір негізгі саласы – қазақ тілін оқыту мәселесі.     Ақмола облысы бойынша тілдерді оқытып, үйрететін 19 орталық жұмыс істейді. Биылғы оқу жылын 4435 тыңдаушы аяқтады,-деді Алтынай Әміренова брифингте.

Тілдер мерекесінің онкүндігін өткізуге бағытталған онлайн-форматта 1000-ға жуық іс-шара ұйымдастырылады деді Алтынай Әміренова.

Енді алдағы ұйымдастырылатын жобалардың ең ірілерінен құлағдар етсек…

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абайдың сөзі – жүректің үні» атты жазба ақындар арасында мүшәйра өткізіледі.

«Ақмола облысының топонимикасын зерттеу жұмыстары» атты ғалым Жамбыл Артықбаевтың қатысуымен онлайн дәріс ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ шет елдерде жүрген қандастарымызға қолдау көрсету мақсатында «Ұлы Даланың ұлы Тілі» атты Түркия, Англия, Франция, Венгрия елдерінің этникалық қазақ қоғамдықтарының қатысуымен халықаралық онлайн конференция ұйымдастырылады.  «Тіл саясатын тиімді іске асырудың негізгі қағидалары» атты онлайн республикалық конференция өткізілмек.

Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл Фарабидің 1150 жылдығына орай аудан жастары арасында «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактатынан» үзінділерді жатқа айту сайысы және «Әл – Фараби әлемі» атты әдеби композиция өтеді.

Сонымен қатар  Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесіне арналған онлайн концерт және челлендждер, онлайн-көрмелер, бейне құттықтаулар, тіл туралы әндерді орындау және  т.б. түрлі іс-шаралар  Facebook  және instagram әлеуметтік желілеріндегі «Tilderdi Damyty Agmola» парақшаларында көрсетілетін болады.

Жалпы аймақта тіл онкүндігі аясында 1000-ға жуық іс-шара өткізіледі, оған 200 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img