spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
6.1 C
Kokshetau

Елімізде 20 ірі замануи медициналық орталық салынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел өңірлерінде 20 ірі замануи медициналық орталық салынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті, деп хабарлайды «Aqmola News».

«2025 жылға қарай өңірлерде 20 ірі замануи медициналық орталық мемлекеттік-жекешелік серіктестік есебінен салынады. Осы к өпбейінді ауруханалар халықаралық сапа талаптарына сәйкес халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің толық спектрін қамтиды», – деді М. Шоранов Жолдауды жүзеге асыру тақырыбына арналған брифингіде.

Осы орайда ол 1,5 трлн теңге шамасында инвестиция тартылатынын жеткізді. «Халық денсаулығы кодексіне сәйкес Ұлттық операторды құру туралы Үкімет қаулысының жобасын қарауға енгіземіз», – деді бірінші вице-министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда модульді 12 инфекциялық аурухана салынып жатыр.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img