spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
21.5 C
Kokshetau

Зейнетақы жарнасынан алынған ақшаға ипотеканы жабуға болады – Нұрымбетов

Сондай-ақ...оқыңыз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бүгін осындай мәліметтерді жария етті.

«Үшінші мәселе – зейнетақы қорында артық ақшасын тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге кімдер ала алады деген мәселе.

Біріншіден, емделу мақсатында азамат өзі үшін, жұбайы үшін және жақын туыстары үшін ала алады. Жақын туыстарына ата-әжесі, ата-анасы, бауырлары, балалары, немерелері, ағасы, інісі, әпкесі жатады.

Және біз бір отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіру мүмкіндігін қарастырмақпыз. Қандай тұрғын үй алуға болады? Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін шектеу көп болмайды. Тұрғын үйді немесе жер учаскесін сатып алуға жұмсауға болады. Тұрғын үй алғанда тек жаңа емес, екінші нарықтағы үйді сатып алуға, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеуге болады. Ол үшін кез келген екінші деңгейдегі банк және кез келген бағдарламамен алынған ипотека жарайды. Баспананы кеңейтуге болады. Бұл жерде бір ғана шектеу болады – жарна арқылы алынған үйді бес жыл ішінде қайта сата алмайды», – деп түсіндірді Нұрымбетов.

Сондай-ақ, ол ақшаға жер телімдерін де алуға болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика