spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында шомылу маусымы кезінде 19 адам суға кетіп, қайтыс болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында шомылу маусымы жабылды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов өңірдегі шомылу маусымының жыл қорытындысына арналған брифинг өткізді.

Спикердің айтуынша, жаз айларында азаматтардың қауіпсіздікті сақтамай, бей-берекет суға түсуінің кесірінен 19 адам суға кеткен. Оның 6-уы кәмелет жасына толмағандар.

Биыл суға түсу кезінде ақмолалық құтқарушылар барлығы 50 адамды құтқарып қалған. Оның ішінде 34-і кәмелетке толмағандар көрінеді. Сонымен қатар 23 адамға дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетуге тура келген.

Суға кету мен судан келетін қауіптің алдын алу мақсатында облыс әкімінің 13 сәуірдегі «Шомылу маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары» қаулысына сәйкес, көптеген іс-шаралар жүргізілді. Облыстағы барлық су қоймаларына 610-нан астам шектеу посттары қойылып,  бекеттерде 151 құтқарушы жұмыс істеді. Соның нәтижесінде былтырғы жылмен салыстырғанда азаматтардың суға кету көрсеткіші аз да болса төмендеді,-деп атап өтті Советов өз кезегінде.

 Айта кетерлігі сол, қайтыс болған 19 адамның 11-і облыс тұрғындары болса, қалған 8-і Нұр-Сұлтан және СҚО-ның азаматтары.

Төтеншеліктердің мәліметінше, аймақтағы қауіпті су қоймаларының қатарына Есіл, Нұра, Жабай өзендері кіреді.

-Өңірде 1 қыркүйектен бастап шомылу маусымы жабылғанмен, жақында балық аулау маусымы басталады. Құтқарушылар тарапы мұз бетіне шығуға арналған қауіпсіздік шараларын да ұйымдастыруды жоспарлауда,-дейді Советов.

Ескерте кететін бір жайт, түнде балық аулау сияқты қауіпсіздік шаралары мен жалпы ережелерді сақтамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуі мүмкін.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img