spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
7.2 C
Kokshetau

Көкшетау қаласының әкімі тұрғындарды онлайн қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қала әкімі Амангелді Смайылов тұрғындарды онлайн қабылдады. Тұрғындар көбінесе, тұрғын үй кооперативтерінің жұмысы, абаттандыру және жер мәселесі бойынша мәселе көтерді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Шаһар әкімінің онлайн қабылдауына келген Бақыт Сәрсенбаева Осипенко 1/3 үйінде тұратын көршілерінің ұжымдық шағымын ала келіпті. Түйіні тарқамаған мәселе – үй ауласында «Копишев» кәсіпкерлігі жүргізіп жатқан абаттандыру жұмысы. Сондай-ақ, тұрғын үй кооперативі мен жұмыс істемейтін лифтінің проблемасы да қозғалды.

«Біз 1 маусым күні ұжымдық өтініш бергенбіз. Сіз өтінішімізді қарадыңыз, қалалық әкімдік аппараты тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміне жолдады. Ал, шаруашылық бөлімі құрылысқа жауапты мердігер «Копишев» кәсіпкерлігіне хабарласыңыздар дейді» – деп тұрғындардың өтінішін жеткізді.

Амангелді Халауденұлы жауапты органдарға аталмыш мәселені назарда ұстауды тапсырды.

«Копишев» компаниясы жер аумағы әкімдіктің жекеменшігінде деп тұрғындарды шатастырып отыр. Жер мамандарындағы құжаттарды тексеріңіздер. Бұл олардың жері екендігіне сенімдімін. Ал, үйді қолданысқа берген кезде абаттандыру да болуы тиіс. Сондықтан, бәрін тексеріп түсіндіру шараларын ұйымдастырып, қызметтік хат әзірлеңіздер», – деді шаһар басшысы.

Нұрила Исакова да қала басшысына өз шағымымен келіпті. Жоспар бойынша оның үйі Жағалау көшесінде орналасқан және Қопа жағалауындағы жаңа жобаға сәйкес қоғамдық жасыл аумаққа ілініп тұр. Енді оның үйін бұзу туралы шешім қабылданбақ.

Амангелді Смайылов сот шешімінің күшіне әсер ете алмайтындығын түсіндірді. Қала әкімі заңгерлерге мәселені егжей-тегжей зерттеуді жүктеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img