spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
16.2 C
Kokshetau

Бурабай ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында 410 адам жұмыспен қамтылған

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы  «2020 – 2021» бағдарламасы шеңберінде 410 адам жұмысқа орналастырылды,-деп хабарлайды «Aqmola News» Бурабай ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгінде орталық қажетті білікті мамандарды іріктеп, оларды жұмыс бердіушілерге жібереді. Бағдарламаның шапағатын көріп, екі қолға бір күрек тапқан жандардың бірі – Рүстем Айданов. 34 жастағы жігіт пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған. Аталмыш мекеме оны 2020 жылдың 12 мамырында Бурабай аудандық жұмыспен қамту бөліміне жіберген. Ондағылар Рустемді «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 – 2021» бағдарламасы арқылы «ПСК Көкшетау құрылыс» ЖШС құрылысшы ретінде уақытша жұмысқа орналастырыпты. Қазіргі кезде, аталмыш компания Щучье қаласындағы №6 орта мектепте күрделі жұмыстарын жүргізуде.

«Қазіргі кезде мен құрылыс алаңында мектеп ғимаратының штырын жабумен айналысамын. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік», – дейді Рүстем Айданов.

Аудандық еңбекпен қамту орталығы мамандарының мәліметі бойынша, ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 – 2021» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

6

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img