spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
17.5 C
Kokshetau

Зеренді: Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы мониторинг жүргізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданының Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин жұмыс сапарымен аралап,  «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасының мемлекеттік органдармен қаншалықты жүзеге асырылып жатқанын назарға алды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Зеренді ауданындағы «Сервистік әкімдікте» болып , мекеменің жұмыс принциптері мен  халықпен жұмыс барысындағы ашықтық   талаптарының орындалуын байқады.

Cондай-ақ, шетелден келіп түсетін гуманитарлық көмекті Ақмола облысы аудандарының медициналық мекемелеріне бөлудің ашықтығы бақылауға алынды. Мониторинг шеңберінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы мен арнайы мониторингтік топ өкілдері Зеренді аудандық ауруханасына ат басын бұрды.  Сондай-ақ, аудандағы дәрі-дәрмек бағасына тексеріс жүргізілді.

Жұмыс сапары соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қызмет департаменті басшысының орынбасары «Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамту жол картасы-мемлекеттік бағдарламалары бойынша  құрылыс жұмыстарының барысына азаматтық бақылауды белсендендіруді ұсынды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img