spot_img
Сейсенбі, Мамыр 12, 2026
5.1 C
Kokshetau

Ақмола облысының барлық аудандарында дәрі-дәрмек бағасына бақылау жасалуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының барлық өңірлерінде дәрі-дәрмектер бағасына мониторинг жасалып, сауда нүктелерінің иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Мониторингтік топ құрамына тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының, аудан әкімдігі мен мәслихат депутаттарынан, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдерінің мамандары және полиция қызметкерлері кірген.

Мобилді топтар коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу және эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында түсіндіру шараларын қолға алған. Рейд барысында дәрі-дәрмектер бағасының өсуіне жол бермеу, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, азық-түлік дүкендеріндегі баға тұрақтылығы басты назарға алынған..

Тексеріс жұмыстары барысында Бұланды, Егіндікөл, Жарқайың,  Біржан сал, аудандарындағы дәріханаларда қызуды түсіретін дәрі-дәрмектердің жеткіліксіздігі, вирусқа қарсы дәрілердің, С дәрумені мен антибиотиктердің жоқтығы анықталған. Әсіресе, «Парацетамол», «Левозин», «Азитромицин», «Арпефлю», «Ингавирин», «Тамифлю» сияқты дәрі-дәрмектердің тапшылығы байқалған. Атбасар ауданында дәріханаларда табылмаған дәрілердің орнына құрамы ұқсас дәрі-дәрмектер ұсынылып жатыр.

Барлық аудандар мен қалаларда  халық тұтынатын тауарлар мен дәрі-дәрмектердің бағаларды тұрақтандыру бағытында түсіндіру жұмыстары одан әрі күнделікті жүргізілмек.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика