spot_img
Сейсенбі, Мамыр 12, 2026
5.1 C
Kokshetau

Ақмола облысының Ерейментау ауданында «Сервистік әкімдік» ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ерейментау ауданында «Сервистік әкімдік» іске қосылды. Жергілікті атқарушы органдар мен тиісті сала басшыларының айтуынша, бұл қызмет тұрғындардың барлық мемлекеттік қызмет түрлерін мемлекеттік органдардың кабинеттеріне бармастан алуға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы Есіл ауданы әкімдігінен мәлім етті. Ведомствоның мәліметінше, сервистік әкімдіктің ашылуына аудан әкімі Абай Әлжанов және аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов қатысты.
Бірегей диалог алаңы жергілікті тұрғындарға мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырмай, мамандардың кеңестерін, білім беру, тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар бойынша мемлекеттік қызметтер бірден алуынаа мүмкіндік бермек.


«Бүгін Ерейментау ауданының әкімдігі «Сервистік» жұмыс форматына көшті. Естеріңізге сала кетейік, бұл жұмыс мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын нығайту, сондай-ақ азаматтар тарапынан мемлекеттік аппаратқа деген сенімді арттыру мақсатында жүргізілуде. Барлық мемлекеттік органдардың қызметі қол жетімділік, ашықтық және жариялылық қағидаттарына негізделуі тиіс деп есептейміз. Тек осылай ғана біз ел Президенті бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыра аламыз», – деп атап өтті Бақытжан Әмірханов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика