spot_img
Сейсенбі, Мамыр 12, 2026
5.1 C
Kokshetau

Бір миллион теңге соманың ірі-қарасы табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада полицейлер бір миллион теңгеден астам сомаға бағаланған ірі-қара малды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Целиноград ауданында болған. Полицияға бес бірдей ірі-қара малының жоғалғанын айтып Өтеміс ауылының тұрғыны хабарласқан. Оның айтуынша жазғы қоршауға қамалған ірі-қара мал 3 шілдеге қараған түн ішінде ізім-қайым болған. Күні бойы малын іздеген иесі таба алмаған соң тәртіп сақшыларына жүгінуге мәжбүр болыпты.

Жәбірленуші жоғалған малының құнын 1 миллион 300 мың теңгеге бағалады. Полицейлер дереу жедел іздестіру шараларын ұйымдастырды. Өтеміс ауылы мен маңындағы ауылдардың қора-қопсысы түгел тексерілді. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 6 шілде күні қара мал ауыл шетінен табылып иесіне қайтарылды, – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Полиция мал иелерінің бейқамдығынан мал ұрлығының жиілеп кеткенін жеткізді. Тәртіп сақшылары малды қараусыз қалдырмай бағу қажеттігін ескертті. Полицейлердің айтуынша босып жүрген мал көп жағдайда жол-көлік оқиғаларының орын алуына да себепші болады.

Бұл үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған дейді полицияның баспасөз қызметінен.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика